jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

    Ақтөбеде балалар және жасөспірімдер шығармашылығына арналған би фестивалі өтті

    Фестиваль "Әлия Гүлі"
    Фото: Ақтөбе қаласының әкімдігі

    Ақтөбеде қалалық мәдениет үйінде 24-25 қарашада "Әлия Гүлі" достарын қарсы алады-2023" ІХ балалар және жасөспірімдер шығармашылығына арналған би фестивалі өтті. Фестиваль "Әлия Гүлі" қазақ би ансамблінің 45 жылдығына және Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 98 жылдығына арналды.

    Фестивалдің мақсаты – балалардың би әлемін түсініп қабылдаудағы талғампаздығын тәрбиелеу, эстетикалық сезімталдығын қалыптастыру, би қажеттілігі жайында қоғамдық сананы нығайту, өзара достық нышандарын қалыптастыру.

    Фестиваль "Әлия Гүлі"
    Фото: Ақтөбе қаласының әкімдігі

    Фестиваль құрылтайшылары және ұйымдастырушылары:

    • Ақтөбе қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ММ;
    • Қалалық мәдениет үйі;
    • "Халықтық ұжым" "Әлия Гүлі" қазақ би ансамблі.
    Фестиваль "Әлия Гүлі"
    Фото: Ақтөбе қаласының әкімдігі

    Фестивальға Ресей, Татарстан, Башқұрстан, Қырғызстан, сондай-ақ еліміздің әр аймағынан – Жамбыл, Орал, Атырау, Ақтау қалаларынан 13 ұжым, ал Ақтөбе облысының қала және аудандарынан 11 би ұжымы қатысты. Осы аталған күндер аралығында фестиваль қатысушылары өз өнерлерін ортаға салды, тәжірибе алмасты.

    Фестивальдің ашылуы 24 қарашада сағат: 15-17.00-де қалалық мәдениет үйінде өтті. Бұл күні көрермендер фестиваль қонақтарының концерттік бағдарламасын тамашалады. Фестиваль дөңгелек үстел, тәжірибе алмасу, шеберлік сағаттары форматында өтті.

    24 қарашада сағат 18.00-де "Әлия Гүлі" қазақ би ансамблінің құрылғанына 45 жыл толуына арналған концерттік шара өтті. Шараға осы ұжымның құрылуына мұрындық болған басшылар, өнер қайраткерлері мен ардагерлер қатысты. Сондай-ақ 1998 жылы құрылған ансамбльдің бишілері өнерлерін ортаға салды.

    Фестивальдің жабылуы және марапаттау салтанаты 25 қарашада өтті. Жабылу салтанатында фестивальдің барлық қатысушысына қалалық мәдениет үйінің директоры Дәрібаев Мұратбек Байбосынұлы сертификаттар мен естелік сыйлықтар табыстады.

    Фестиваль "Әлия Гүлі"
    Фото: Ақтөбе қаласының әкімдігі

    Ақтөбеде балалар және жасөспірімдер шығармашылығына арналған би фестивалі өтті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.