jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "Жыламаймын деп сөз бердім": Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуін еске алды (видео)

    Ләйлә Сұлтанқызы жұбайымен
    Ләйлә Сұлтанқызы жұбайымен. Фото: instagram.com/sultankyzy

    Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуі Қайрат Беркімбаевтың биыл тірі болғанда 58 жасқа толатынын айтты. Тележүргізуші Instagram парақшасында өмірден өткен жолдасына әсерлі жазба арнады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Жыламаймын деп сөз бердім ғой. Баламен бала болатын, үлкен-кішіні сыйлайтын, қалжыңбас, жарқын жүзді, әрқашан "ортаның гүлі" дейтін Қайрекең бүгін 58 жасқа толар еді.

    Сен қасымда болғанда, езуім жиылмайтын. Ойнайтынмын. Сенімен сырласып, кейде ішегіміз түйілгенше тоқтамай күлетінбіз. Қазір де жазып отырып, еріксіз жымидым.

    Бүгін жанымда болғаныңда дүркіретіп тұрып туған күніңді тойлар едік. 58 жасқа толдың деп, толассыз тілек тыңдайтын едік", - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.

    Айта кетейік, жақында тележүргізуші жұбайының жылдық асын өткізді.

    "Жыламаймын деп сөз бердім": Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуін еске алды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.