jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "Балжанды қатты жақсы көрдім": Жахан Отарғалиев ажырасқаннан кейін күйзеліске түскенін айтты (видео)

    Жахан Отарғалиев пен Балжан Бидаш
    Жахан Отарғалиев пен Балжан Бидаш. Фото: instagram.com/bidash_official

    Актер Жахан Отарғалиев жақында Балжан Бидашпен ажырасқан болатын. Өнер иесі Instagram парақшасында шаңырағы шайқалғаннан кейін күйзеліске түскенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Көптен бері байқаған шығарсыздар, күйзелісте жүрмін. Өмір тоқтап қалған сияқты жүрмін. Бірақ қазір күлкім келіп отыр. Қазір бәрі артта қалды.

    Қазір сіздер Жахан Балжанды жамандайды деп ойлап отырған шығарсыздар. Себебі, Балжанды өте қатты жақсы көрдім. Біздің отбасылық өмірімізде қиын кезеңдерден гөрі бақытты сәттер көп болды. Сол себептен мен ешкімді жамандайын деп отырған жоқпын", - деді Отарғалиев.

    Сонымен қатар әзілкеш күйзеліс салдарынан бір айда екі рет ота жасатқанын мәлім етті.

    "Күйзеліс салдарынан бір айда екі ота жасаттым. Дәрігерім "Жахан, ауырып, ешкімге керек емес болып қаламын десең, күйзеліске түсе бер. Өмір сүрем десең, есіңді жи" деді.

    Сонымен ештеңеге қарамастан теріс ойдың бәрін тастаймын деп шештім", - деп жазды Жахан Отарғалив.

    Айта кетейік, Жахан Отарғалиев бірнеше ай бұрын әнші Балжан Бидашпен ажырасып кеткенін мәлім етті.

    "Балжанды қатты жақсы көрдім": Жахан Отарғалиев ажырасқаннан кейін күйзеліске түскенін айтты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.