jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "Қалыңмал дайындап қойдым": Нұрлан Еспанов жалғыз ұлын биыл үйлендіретінін айтты

    Нұрлан Еспанов жұбайымен
    Нұрлан Еспанов жұбайымен. Видеодан кадр: "Қызықты weekend" бағдарламасы

    Әнші Нұрлан Еспанов ұлы Олжасты кезінде үйлендірмей қойған. Өнер иесі "Қызықты weekend" бағдарламасында баласын биыл шаңырақ көтеруге үгіттеп жүргенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Ұлым бірінші рет үйленуге ниеттенгенде, ол жас болды. Отбасын қамтамасыз ете алмайтын еді. Ол қыз басқа ұлттан болды. Мен балама ұрысқан да жоқпын. "Қалай болар екен? Мен де бір күні қартаятын шығармын. Сенің қолыңда тұрамыз. Басқа ұлттың қызын алдың. Ол жақтың салт-дәстүрін білмейміз" деп тоқтатқаным бар", - деді Нұрлан Еспанов.

    Сонымен қатар әнші болашақ келініне қалыңмал дайындап қойғанын айтты.

    "Саған келін іздеуге өзім шығамын дедім. "Олжас, биыл үйленбесең, қыз іздеуге өзім шығамын. Не маған ұнайтын қыз аласың. Не өзіңе ұнайтын қыз аласың. Маған 2-3 айдың ішінде айт" дедім.

    Мен дайын отырмын. Қалыңмал бәрін дайындап қойғанмын", - деді Нұрлан Еспанов.

    "Қалыңмал дайындап қойдым": Нұрлан Еспанов жалғыз ұлын биыл үйлендіретінін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.