jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Нұржан Төлендиевтің қызы мен жиені перзентханадан шықты (фото, видео)

    Нұржан Төлендиев қызымен
    Нұржан Төлендиев қызымен. Фото: instagram.com/korlawkaa

    Танымал әзілкеш Нұржан Төлендиев осыдан бірнеше күн бұрын жиенді болды. Өнер иесінің қызы Қорлан сәбиімен перзентханадан шықты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Бұл жайлы өнер иесінің қызы Қорлан Instagram парақшасында айтты.

    Видеодағы мәліметке сүйенсек, Төлендиевтің жиенінің есімі - Бегім-ай.

    Әзілкештің қызын жақындары шармен, гүл шоқтарымен әрленген бөлмеде күтіп алған.

    Нұржан Төлендиевтің қызы сторис
    Нұржан Төлендиевтің қызы сторис. Скриншот: instagram.com/korlawkaa

    Желі қолданушылары жас анаға ақ тілегін жаудырды.

    "Құттықтаймыз", "Бауы беірк болсын", "Ғұмырлы болсын", - деп жазды желідегілер.

    Айта кетейік, елімізге танымал әзілкеш Нұржан Төлендиев жыл басында қызы Қорланды ұзататынын айтты. Осыдан кейін жаңа құдаларымен танысқан өнер иесі ұзату тойында қызын ел алдына өзі алып шықты.

    Нұржан Төлендиевтің қызы мен жиені перзентханадан шықты (фото, видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.