jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "Маңдайыма жазғанды көріп жатырм": әнші Сандуғаш Стамғазиева Алтынбек Қоразбаевтан екі қызы барын ашып айтты

    Сандуғаш Стамғазиева
    Сандуғаш Стамғазиева. Cкриншот: sandugash_stamgazi/TikTok

    Әнші Сандуғаш Стамғазиева ел арасында тараған қауесетке жауап берді. Өнер иесі "Менің өмірім" бағдарламасында композитор Алтынбек Қоразбаевтан екі қызы барын ашып айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Алтынбекпен қарым-қатынасымыз жаман болмады. Жаман болмайды да. Өйткені, балалар болғасын, ол үзілмейді. Мен үзгенмен де, балалар қарым-қатынасты үзбейді. Балаларым өсті. Олар толыққанды отбасы болғысы келеді.

    Ол кісіге түсіністікпен қарасаңыздар деймін. Бастапқы кезде қабылдамау болады. Уақыт өте келе, мойындайтын кез келеді. Бізде өсек-аяң, аяқтан шалу көп қой. Бұл тек Алланың қолында ғой. Бізде осындай болады деп ойламадық. Алтынбек Қоразбаевтан екі қызым болады деген нәрсе үш ұйықтасам, түсіме кірген емес. Бірақ маңдайыма жазғанды көріп жатырмын. Үлкен қызым Алтынай - 19 жаста. Сафиянұрым 10-сыныпта оқиды. Алла маңдайыма жазғанды көріп жатырмыз", - деді Сандуғаш Стамғазиева.

    "Маңдайыма жазғанды көріп жатырм": әнші Сандуғаш Стамғазиева Алтынбек Қоразбаевтан екі қызы барын ашып айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.