jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "Отау құрғанымызға 12 жыл": Нұржан Қалжанның жұбайы енесі жайлы айтты

    Нұржан Қалжан жұбайымен
    Нұржан Қалжан жұбайымен. Видеодан кадр : "1001 түн" бағдарламасы

    Әнші Нұржан Қалжан жұбайы Ақмаралмен отандық бағдарламаға келіп, сұхбат берді. Әншінің жары "1001 түн" бағдарламасында енесі жайлы айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Отау құрғанымызға 12 жыл болды. Бізді 2007-2008 жылдары достарымыз таныстырды. Менің енді танылып жатқан кезім. Бұл кісі студент. Анам мен келіншегім екеуі ене мен келін емес, дос секілді. Қазір анам Түркістанда", - деді әнші.

    Ал әншінің жұбайы Ақмарал да бағдарлама барысында енесі жайлы айтып берді.

    "Енем екеуіміздің жан дүниеміз ұқсайды. Қазір де тақымын қысып, көріп отырған шығар. Ол кісі гауһар тастай. Келін болып түскенде, бәрін ақылмен үйретті. Қалада болғасын, ауылдың тірлігін білмейсің. Кеспе кесуден бастап, майда-шүйдеге дейін үйретті. Қазір "Менен асып кеттің" деп мақтайды", - Ақмарал Бегімбекова.

    "Отау құрғанымызға 12 жыл": Нұржан Қалжанның жұбайы енесі жайлы айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.