jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Анам бастапқыда келіншегімді ұнатпады": Құдайберген Бекіш әйелімен қалай танысқанын айтты

    Құдайберген Бекіш
    Құдайберген Бекіш. Видеодан кадр: Youtube/Khabar TV

    Қазақстандық танымал әнші Құдайберген Бекіш келіншегімен алғаш танысқан кезін еске алып, қарым-қатынасы қалай өрбігенін айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Өнер иесі таңдауын жасаған соң, сүйіктісін бірден анасымен таныстырған. Алайда бастапқыда әншінің анасы болашақ келінін тым арық деп ұната қоймаған.

    "Биыл бірге болғанымызға 40 жыл болыпты. Өнермен бірге өмірді де бастаппыз. Ол кісіні көріп жүретінмін. Бір күні шелекпен су алып тұр екен, көмектесейін дедім. Шелекті жай көтеріп бардым. Бірақ үйіне жақындай бастағанда қолым дірілдей бастады. Содан танысып кеттік. Ол кісінің аты - Жанна. Содан достастық, маған әдемі шәй берді. Ол кезде қыздардың қолынан шәй ішу деген бақыт қой. Тіпті қыздардың қасына жолауға қорқатынбыз. Тәртіп қатал еді. Махаббат қоя ма?! Жәкеңе үйленіп алдым.

    Қалай айттым, солай үйлендік. Қазір шүкір бақыттымыз. Менің осылай жарқырап жүргенім әйелімнің арқасы. Келіншегімді анама апарып таныстырдым. Сол кезде анам Жаннаны ұнатпады. "Мына қыз тым арық қой, қалай бала туады?" дегені бар. Ана деген бәрібір баласының көңілін қалдырмайды ғой. Солай ақ батасын алып, үйленіп үлкен той жасадық", - деді әнші "Ұйқым келмейді" бағдарламасында.

    "Анам бастапқыда келіншегімді ұнатпады": Құдайберген Бекіш әйелімен қалай танысқанын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.