jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Тұңғышымызды алты жыл күттік": Құдайберген Бекіш алғаш үйленген кезін еске алды

    Құдайберген Бекіш
    Құдайберген Бекіш. Видеодан кадр: Youtube/Khabar TV

    Қазақстандық танымал әнші Құдайберген Бекіш шаңырақ көтерген кезін есіне алып, басынан өткен сынақ туралы жан сырын ақтарды. Өнер иесі келіншегі екеуі алты жыл бойы балалы бола алмай жүргенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Құдайберген Бекіш отбасылық өмірі жайлы сырын "Ұйқым келмейді" бағдарламасында шертті. Әншінің сөзінше, бастапқыда анасы келінін "тым арық, қалай бала туады" деп уайымдаған. Дегенмен баласының бағын байламай, жастарға ақ батасын берген.

    Алайда ерлі-зайыпты отбасын құрған соң, біраз уақыт балалы бола алмай жүрген. Олар тұңғышын алты жыл күткен.

    "Алты жыл бойы бөпеміз болмады. Бір жағдайлар болды. Тәуекел деп Мәскеуге оқуға түсіп кеттім. Мен сол жақта білім алдыим, бір жағынан келіншегімді емдеттік. Өзіміз де емделдік, сондан кейін Мәскеуде бөпеміз пайда болды. Аллаға шүкір. Тұңғышымызды алты жыл күттік. Алла сұрағанға береді. Сол үшін адам өмірде жақсылыққа құмар болу керек", - деді әртіс.

    "Тұңғышымызды алты жыл күттік": Құдайберген Бекіш алғаш үйленген кезін еске алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.