jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "Көрсе, көз тоятын жұп": Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуәлиева көпшілікті сүйсінтті (видео)

    Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуалиева
    Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуалиева. Фото: instagram.com/toktar_beibit

    Әнші Бейбіт Сейдуәлиева көпшілікке жолдасы Тоқтар Серіков екеуінің видеосын бөлісті. Домбыра тартып, жанды дауысты қосыла ән шырқаған әншілер көпшілікті сүйсінтті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Бейбіт Сейдуәлиева күйеуі Тоқтар екеуінің видеосын Instagram парақшасында жариялады.

    Видеодан домбыра тартып отырған Тоқтар Серіковті көруге болады. Ал әннің қайырмасына Бейбіт Сейдуәлиева да қосылған.

    Видеода жұлдызды жұптың Тоқтар Серіковтің "Ботадай көзің мөлдіреп" әнін орындағанын байқауға болады.

    Ал желі қолданушылары сүйікті әншілерінің бұл орындауына сүйсініп, жарыса пікір қалдырды.

    "Көрсе, көз сүйсінетін жұп", "Не деген үйлесімділік", "Тыңдай бергің келеді", "Махаббаттарыңыз мәңгі болсын", "Өнердегі ең сүйікті жұбым", "Өнегелі жұп", "Жұптарың жазылмасын", - деп жазды жұлдызды жұптың оқырмандары.

    "Көрсе, көз тоятын жұп": Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуәлиева көпшілікті сүйсінтті (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.