jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Досаев жеке ұшақпен ұшатынына қатысты: Мүмкіндігім бар

    Ерболат Досаев
    Ерболат Досаев. Видеодан кадр: youtube.com/@ortcomkz

    Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы әкімі Ерболат Досаев жеке ұшақпен қаншалықты жиі ұшатынын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Брифингте журналистердің бірі Ерболат Досаевтан жеке ұшақпен қаншалықты жиі ұшатынын сұрады.

    "Мен жиі қолданбаймын, жиі ұшпаймын. Егер сіз сол бір жағдайды айтып отырсаңыз... Бұл сенбі күні болған жағдай, жеке себептермен ұштым. Қажеттілік болды.

    Кейде осындай бортты жалдауға мүмкіндігім бар, бірақ негізінен Алматыда жұмыс істеймін. Осы уақытқа дейін бір-ақ рет шетелге сапар болды. Оңтүстік Кореяға бардым. Негізінен, Алматыдамын. Бұрын бизнеспен айналысқан уақытта әлдеқайда жиі ұшатынмын", - деді ол.

    Ал "брифингке жеке ұшақпен келдіңіз бе" деген сұраққа: "Бәрі қалай ұшып келді, солай", - деп жауап берді Алматы әкімі.

    Айта кетейік, бұған дейін Ерболат Досаев Алматы әкімі лауазымында қанша уақыт жұмыс істеуді жоспарлап отырғанын және жаңа тағайындау туралы қауесетке қатысты пікір білдірген еді.

    Досаев жеке ұшақпен ұшатынына қатысты: Мүмкіндігім бар

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.