jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Жүрек Құманды іздеп тұрады": Меруерт Өтекешова марқұм күйеуін еске алды

    Меруерт Өтекешова
    Меруерт Өтекешованың 68 жасқа толған туған күні/2019 жыл. Фото: Facebook / Kazakhfilmstudios.kz

    Қазақстандық танымал актриса Меруерт Өтекешова жары марқұм Құман Тастанбековты еске алып, оған деген сағынышын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Өнер иесі жолдасының қазасын әлі күнге дейін қабылдай алмай, сағынышын баса алмай жүргенін айтты.

    "Әлі күнге дейін ағаларыңды минут сайын сағынамын. Іздеймін. Балаларым мен туысқандарым жанымда болса да, олар ағаңа жетпейді. Бәрі жан-жақтан менің көңілімді табуға тырысады. Бірақ бәрібір жүрек Құманды іздеп тұрады. Өзіме ең жақын адамдарым бұл дүниеде жоқ. 92 жасқа жетіп дүние салса да анамды жоқтаймын. Ата-енем, әке-шешем, бауыр етім балам, туған сіңлім кетті. Бәрін сағынамын. Олардың арасынан Құманның орны бөлек еді. Мені жарынан айырылған әйел заты ғана түсінеді. Өте ерте кетіп қалды. Айтылмаған әңгіме, ашылмаған сыр қалды арамызда”, – деді актриса "Жанымның жағалауы" бағдарламасында.

    "Жүрек Құманды іздеп тұрады": Меруерт Өтекешова марқұм күйеуін еске алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.