jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    "Тоғыз жыл бойы бедеулікпен күрестім": Дильназ Ахмадиева басынан өткен ауыр кезеңді еске алды

    Дильназ Ахмадиева
    Дильназ Ахмадиева. Фото: instagram.com/dilnaz_akhmadiyeva

    Қазақстандық танымал әнші Дильназ Ахмадиева отбасылық өмірі мен баласы жайлы ақтарыла сұхбат беріп, өз жан сырын ақтарды. Балалы болуды қатты армандаған өнер иесі тоғыз жыл бойы бедеулікпен күрескен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Дильназ Ахмадиева өміріндегі ауыр кезең жайлы "4:1" подкастында айтып берді. Әнші ұзақ уақыт бойы балалы бола алмай, бедеулікпен күрескенін айтты. Нәтижесінде өнер иесінің қалауы орындалып, ол 39 жасында алғаш рет ана атанды.

    "Дәрігерлер бала көтеру мүмкіндігі жоқ екенін айтты. 9 жыл бойы үміт үзбей, бедеулікпен күрестім. Біраз уақыт бала көтере алмай жүрдім. Бірінші некеде баламыз болған жоқ. Ұзақ уақыт бойы емделудің нәтижесінде Зейданды дүниеге әкелдім. Бұрын "жасым өтіп барады, бала туу керек" деп ойлайтынмын. Қазір дәл уақытында ана атаныппын деймін. Оған дейін дайын болмағанмын. Менің болмысымды өзгерткен – балам. Бұрын ер бала секілді жүретінмін, қазір әйел сезінемін өзімді", – дейді әнші. 

    "Тоғыз жыл бойы бедеулікпен күрестім": Дильназ Ахмадиева басынан өткен ауыр кезеңді еске алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.