jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    "Қазақстанда да, Қытайда да емін таба алмай жатыр": Жахан Отарғалиев денсаулығы сыр бергенін айтты

    Жахан Отарғалиев
    Жахан Отарғалиев. Фото: Instagram/zhahan_utargaliyev

    Отандық танымал әзілкеш Жахан Отарғалиев денсаулығы сыр беріп, Түркия еліне емделуге аттанды. Өнер иесі сырқаттанып қалғандықтан барлық жұмысын тоқтатып тастаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Жахан Отарғалиев өзі үшін уайымдаған оқырмандарымен байланысқа шығып, Instagram желісі арқылы қазіргі жағдайын айтты. Актер бүгінде денсаулығы сыр беріп, Стамбулға ем алуға ұшып кеткенін хабарлады.

    "Көптен бері денсаулықпен сыналып жүрмін. Соңғы айда тағы денсаулығыммен проблемалар басталды. Қазақстан да Қытай да емін таба алмай жатыр. Біреулер үшін оңай көрінгенімен, менің мазамды алып жіберді. Видеоларда барынша көрсетпей жүруге тырыстым. Аурудың қай түрі болса да жаман ғой. Қолдарым ісіп кеткендіктен қасық ұстай алмайтындай болып отырмын. Не үшін, қалай пайда болғанын түсінбедім. Осыған байланысты барлық жұмыстарымды тоқтатып тастадым. Себебі қазіргі уақытта денсаулық маңыздырақ. Достар ауырмаңыздар. Дәл осы ауруымның емін іздеп Стамбулға бара жатырмын", - деп жазды өнер иесі.

    Жахан Отарғалиевтың Stories-i
    Жахан Отарғалиевтың Stories-i. Скриншот: Instagram/zhahan_utargaliyev

    "Қазақстанда да, Қытайда да емін таба алмай жатыр": Жахан Отарғалиев денсаулығы сыр бергенін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.