jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    "Батыр ағамыз үшін мың алғыс": Қайрат Әділгерей марқұм Батырхан Шүкеновтің анасына барды (видео)

    Қайрат Әділгерей Батырхан Шүкеновтің анасымен кездесті
    Қайрат Әділгерей Батырхан Шүкеновтің анасымен кездесті. Видеодан кадр: Instagram/kairat_adilgerey

    Қазақстандық танымал әзілкеш әрі актер Қайрат Әділгерей Қызылорда қаласына барып, марқұм Батырхан Шүкеновтің анасын жаңа жылмен құттықтап қайтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Әзілкеш қазақ өнеріндегі біртуар тұлғаны дүниеге әкелген анаға алғысын айтып, асқан сыйластығын көрсеткен.

    Қайрат Әділгерей марқұм әртістің анасымен кездесуінің видеосын Instagram парақшасында жариялады. Онда өнер иесінің алдымен дүкен аралап, Батырхан Шүкеновтің анасына сыйлықтар алып жатқанын көруге болады. Одан кейін актер әншінің үйіне барып, сый-сыяпатын табыстаған.

    "Батырхан Шүкенов ағамыздың анасы Диляра апама сәлем беріп, келе жатқан жаңа жылмен құттықтап, көңілін аулап қайттық! Диляра апа ғұмырыңыз ұзақ, деніңіз сау болсын Ұрпағыңызбен мың жасаңыз! Қазақ халқына Батыр ағамыздай перзентті дүниеге әкелгеніңіз үшін бүкіл қазақ елінің атынан мың алғыс", - деп жазды Қайрат Әділгерей.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.