jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    "Халық алдында еркелетіп қояйын": Ерке Есмахан күйеуіне сезімін білдірді

    Ерке Есмахан мен Райм
    Ерке Есмахан мен Райм. Фото: Instagram/erke_esmahan

    Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Ерке Есмахан желіде күйеуі Raim-мен түскен жаңа суреттерін жариялап, елді сүйсінтті. Өнер иесі отағасына деген сезімін өлең шумақтарымен жеткізген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Ерке Есмахан Instagram парақшасында ерекше отбасылық суреттерін жариялап, күйеуіне деген махаббатын жеткізген.

    Жақында балалы болған жұлдызды жұп тауға барып, әдемі фотосессия жасап қайтқан.

    "Қуаныш пен бақыттан мүсіндеген, Келбетіңнен сенімнің күшін көрем. Сен сияқты мені ешкім еркелетіп - Сен сияқты мені ешкім түсінбеген.

    Асыл жарым, Жайнаған жасыл бағым, Бағаласаң, бақытыңмын. Сағынсаң, қасыңдамын. Арманды дара қумаймыз, Құстың қос қанатындаймыз. Жүректе от жанып, Тауларды бетке алып, Бірге ұшып барамыз болашаққа! Жыл соңы күйеуімді халықтың алдында бір еркелетіп қояйын дегенім ғой", - деп жазды Ерке.

    Желі қолданушылары ерлі-зайыптыға тәнті болып, оларға жылы лебізін білдірген.

    "Халық алдында еркелетіп қояйын": Ерке Есмахан күйеуіне сезімін білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.