jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Ерке Есмахан: Райм 11 жыл бөлек тұрған ана мен баланы қосты

    Ерке Есмахан отбасымен
    Ерке Есмахан отбасымен. Фото: Instagram/erke_esmahan

    Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Ерке Есмахан күйеуі Raim мен үлкен ұлы Мүслімнің арақатынасы жайлы сөз қозғап, ел білмейтін жайтты ақтарды. Сөзінше, күйеуі 11 жыл бөлек тұрған ана мен баланы қосқан, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Ерке Есмахан Instagram желісінде оқырмандарын қызықтырған бірқатар сұраққа жауап берді. Олардың бірі әншіден күйеуі Raim мен бірінші некеде туған ұлы Мүслімнің қарым-қатынасын білмек болған.

    Өнер иесінің айтуынша, үлкен ұлы туғанынан апасының қолында болған. Бірақ шаңырақ көтерген соң, Raim Мүслім "бізбен бірге тұруы керек" деген екен. Осылайша ол 11 жыл бойы бөлек тұрған ана мен баланы қосқан.

    "Райм бұрыннан мейірімді жан ғой. Қазір тіпті ғажап. Райымдай әке жоқ. Ислам бақытты бала осындай әкесі бар. Мүсліммен де қарым-қатынасы өте жақсы. Ол туғаннан анамның қасында болды. Тұрмысқа шыққан бойда Райм "Мүслім бізбен тұрады" деді. Қасымызға алдық. Міне содан бақытты жанұя болып бір шаңырақтың астындамыз. Бұрын мен қандай анамын деген ой жиі мазалайтын. Қазір қос ұлым жанымда. Райым 11 жыл бөлек тұрған ана мен баланы қосты", – деп жазды Ерке.

    Ерке Есмаханның Stories-i
    Ерке Есмаханның Stories-i. Скриншот: Instagram/erke_esmahan

    Ерке Есмахан: Райм 11 жыл бөлек тұрған ана мен баланы қосты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.