jitsu gif
Шоубиз

    Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова тұңғышын туған күнімен ерекше құттықтады (видео)

    Жұлдыз Әбдікәрімова мен Қайрат Нұртас қызын туған күнімен құттықтауда
    Жұлдыз Әбдікәрімова мен Қайрат Нұртас қызын туған күнімен құттықтауда. Видеодан кадр: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

    Қазақстандық шоу-бизнестегі жарасымды жұлдызды жұптардың бірі Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова тұла бойы тұңғышын туған күнімен ерекше құттықтады. Ерлі-зайыпты қызы Сезімге тосынсый жасаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Жұлдызды жұп қызын туған күнімен қалай құттықтағанын Instagram парақшасында көрсетті. Көпбалалы ата-ана түнгі он екіден кейін басқа перзенттерімен бірге үйге келіп, оған үлкен гүл шоғын сыйлаған.

    "Сезім өз ата-әжесіне де, нағашы ата-әжесіне де, бізге де тұңғыш қыз, тұңғыш немере. Қызым дүниеге келіп, қаншама адамға қуаныш сыйлады. Бақытты бол, балапаным" , - деді Жұлдыз Әбдікәрімова видеода.

    Желі қолданушылары көптен бері бірге бой көрсетпеген жұлдызды жанұяға тәнті болып, Қайрат Нұртастың қызына ақ тілегін жарыса жолдады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.