jitsu gif
Шоубиз

    "Гастрольде жүріппін": Ғаділбек Жаңай төртінші перзенті дүниеге келгенде ғана отбасының жанында болғанын айтты

    Ғаділбек Жаңай
    Ғаділбек Жаңай. Фото: instagram.com/gadilbek_zhanay

    Әнші Ғаділбек Жаңай төртінші баласы дүниеге келгенде ғана отбасының жанында болғанын жеткізді. Өнер иесі "Ұйқым келмейді" бағдарламасында халықпен бірге боламын деп, үйін ұмытқанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Осы әнді айтамын, халықпен бірге боламын деп, үйімді ұмытып кеткенмін. Төртінші баламды перзентханадан шығарғанда ғана отбасымның жанында болған шығармын. Бұған дейін келіншегім Ақтауда босанды. Ол кезде достарым шығарып алды.

    Мен әрқашан гастрольде жүріппін. Ол - дұрыс. Ер адамның азығы түзде. Бірақ ол үйден басталуы керек. Бақыттың өзегі үйде екенін түсінгенше, біраз уақыт өтіпті. Мен үйге келгелі 4-5 жыл уақыт болды. Әр жерді көрдім. Содан түсіндім. Бақыттың өзегі үйде екенін түсіндім", - деді жан сырын ақтарған әнші. 

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.