jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "Біреуге дәлелдеу үшін өмір сүрмеймін": Жұлдызай Дүйсенбиева күйеуі жайлы айтты

    Жұлдызай Дүйсенбиева "Ниет" бағдарламасында
    Жұлдызай Дүйсенбиева. Фото: instagram/zhuldizay_duisenbieva

    Осыдан біраз уақыт бұрын актриса Жұлдызай Дүйсенбиеваның отбасына қатысты қауесет ел арасына тарады. Өнер иесі "Қызықты weekend" бағдарламасында күйеуі жайлы айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Өзі көп көріне бермейді. Екіншіден, жолдасым Шымкент жаққа жұмысқа кетіп еді. Содан қауесет шығып кетті. Ол - ерігіп немесе ажырата алмай отырған адамдардың әңгімесі. Ажырасқан жоқпыз. Қызым отыр ғой. Аянат үшін деп бірге өмір сүре алмаймыз. Біз бір-бірімізге керекпіз.

    Ештеңе мәңгі емес. Сондықтан мен барлық нәрсеге дайынмын. Өзіме еш нәрсеге өкпелемеуге уәде бергенмін. Ол жұмыста. Мен әлеуметтік желіге "Міне, күйеуім Сарыағашта жұмыс істеп жатыр" деп салмаймын. Мен біреуге дәлелдеу үшін өмір сүрмеймін. Айтса, айта берсін. Мейлі, қырық күн айтар, төрт күн айтар. Маған жұрттың әңгімесі қызық емес", - деді актриса.

    "Үйде ұлдың үлкені. Алты ағайынды. Отбасында үш ұл, үш қыз. Сарыағаштың тумасы. Бірақ мектепті бітіргеннен, осы Алматы қаласында. Геодезист мамандығын бітірген", - деді өнер иесі.

    Еске сала кетейік, осыған дейін Жұлдызай Дүйсенбиева енесімен қарым-қатынасы жайлы айтқан болатын.

    "Біреуге дәлелдеу үшін өмір сүрмеймін": Жұлдызай Дүйсенбиева күйеуі жайлы айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.