jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Жиі күлуді үйренгім келеді": Балжан Бидаш Қытайға баруының себебін айтты

    Балжан Бидаш
    Балжан Бидаш. Фото: Instagram/bidash_official

    Отандық танымал әнші Балжан Бидаш уақытша Қытайға қоныс аударуның себебін ашып айтты. Некесі сәтсіз болған өнер иесі бүгінде көп саяхаттап, шығармашылығын жандандыруға кіріскен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Балжан Бидаш саяхаттың тигізетін пайдасы жайлы Instagram парақшасында жазды. Шоу-бизнес жұлдызы алдағы уақытта тропикалық елде тұрып көруге ниетті екенін жасырмады.

    "Тропикалық елдерде тұратын адамдар жиі күлімдейді деген рас па?! Олай болса осында тұрып, жиі күлуді үйренгім келеді. Саяхаттың адам өміріне тигізетін пайдасы көп. Жүйкеңді тыныштандырып, жаның мен тәніңді демалдырады. Алға қарай жақсы өмір сүруге, мақсат жазып, оған жетуге итермелейді. Ел мен жер көріп, басқа елдің мәдениетін танысуға септігін тигізеді. Қорқынышты жеңуге де пайдасы мол", – деп жазды әнші. 

    Сонымен қатар өнер иесі Қытай еліне келуінің себебін айтты. Ұзақ уақыт бойы өнерден үзіліс алған әртіс шығармашылығына қайта кіріскен.

    "Достар, Қытайға келген себебім – студияларын аралап, әндер жазу. Қазақстаннан өзім жалғыз келдім. Осы жақтан аудармашы таптым. Енді ән жазуға кірісемін. Бұйыртса, жаңа ән көп шығады. Шығармашылығымды қолға аламын", – деп жазды Балжан.

    Балжан Бидаштың Stories-i
    Балжан Бидаштың Stories-i. Скриншот: Instagram/bidash_official

    "Жиі күлуді үйренгім келеді": Балжан Бидаш Қытайға баруының себебін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.