jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    "Жетісайдың қарапайым баласы": Дубайда қымбат көлік жүргізген Әбдіжаппар Әлқожа елді өзіне қаратты

    Әбдіжаппар Әлқожа көлікте
    Әбдіжаппар Әлқожа көлікте. Видеодан кадр: Instagram/abdizhappar_alkozha

    Қазақстандық танымал әнші Әбдіжаппар Әлқожа желіде Біріккен Араб Әмірліктеріндегі демалысы қалай өткенін көрсетті. Өнер иесі Дубайда қымбат көлік жүргізіп, ел назарын өзіне аударды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Әбдіжаппар Әлқожа Дубайда түсірілген видеосын Instagram желісіндегі парақшасында жариялаған. Онда әншінің Lamborghini көлігін жүргізіп келе жатқанын көруге болады.

    "Дубай - 2024. Байлықты уақытылы көрсетпесең, бәрібір алып кете алмайсың ешқайда", - деген жазба қалдырды әртіс видео астында.

    Өнер иесінің бейнежазбасы бірден желі қолданушыларының назарына ілігіп, түрлі пікірлерге ие болды. Оқырмандар әнші жаңа көлік сатып алды деп ойлап қалған.

    "Керемет көлік. Құтты болсын", "Мына көлік өзіңізге тура жараса кетті", "Құтты болсын, жолда абайлап жүр", "Бөлексіз", "Дубайға барып NNN болып жүрсіз ба?", "Ініме бәрі жарасады", "Жетісайдың қарапайым баласы", - деп жазуда көпшілік.

    "Жетісайдың қарапайым баласы": Дубайда қымбат көлік жүргізген Әбдіжаппар Әлқожа елді өзіне қаратты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.