jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Танысым да, туысым да емес": Дина Төлепберген "Астарлы ақиқаттың" жаңа жүргізушісін таныстырды (фото)

    Дина Төлепберген мен Бердімұрат Хасенұлы
    Дина Төлепберген мен Бердімұрат Хасенұлы: Instagram/dina_tolepbergen

    "Астарлы ақиқат" бағдарламасының жаңа жүргізушісі болып заңгер Бердімұрат Хасенұлы бекітілді. Бұл жаңалықты 13 жыл бойы бағдарламаның тізгінін ұстаған Дина Төлепберген хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Дина Төлепберген "Астарлы ақиқаттың" жаңа жүргізушісін Instagram парақшасында таныстырды. Сөзінше, Бердімұрат Хасенұлы танысы да, туысы да емес. Заңгер алты жыл бойы аталмыш бағдарламада сарапшы болып келген.

    Белгілі тележүргізуші ізбасарына сәттілік тіледі.

    "Астарлы ақиқаттың" жаңа жүргізушісі - Бердімұрат Хасенұлы. Танысым да, туысым да емес. Мен үшін бастысы - талап пен тер. Есіңізде болсын, адал еңбек ескерусіз қалмайды! Кезінде "поледегі" қарапайым журналистен прайм-таймдағы бас бағдарламаның жүргізуші, продюсеріне дейін көтерілген менің жолым - соған дәлел болса керек. Ізбасарым 6 жылдан астам бағдарлама сарапшысы болды. Бұған өзіңіз куәсіз.

    Менің ойымша, телевизияға эволюция мен революция керек. Ол үшін белгілі бір сала мамандарының жүргізуші болғаны жөн. Ал Бердімұрат заңгер. Есесіне, заңды тұрғыдан, адами ақылмен, әке, күйеу көзқарасымен Отанға, отбасыларға оң жағдай жасайды деп білемін. Ал Бердімұрат, артылған үмітті сөндірме, елдің барын баптап, жоғын жоқтайтын жан болғайсың", - деп жазды тележүргізуші.

    "Танысым да, туысым да емес": Дина Төлепберген "Астарлы ақиқаттың" жаңа жүргізушісін таныстырды (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.