jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Қойларыма концерт қойып беретін едім": Ернар Айдар балалық шағын еске алды

    Ернар Айдар
    Ернар Айдар. Фото: Instagram/ernaraidar_kz

    Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Ернар Айдар балалық шағын еске алып, өмірінде болған қызықты жайттарды ақтарды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

    Ернар Айдар Instagram парақшасында кішкентай баланың қорада өлең айтып жатқан видеосын жариялап, өз балалық шағын еске түсірді. Әншінің айтуынша, кезінде ол өзі де дәл осы бала секілді болған.

    "Анам мен әкем деген жүрегіңнен айналдым. Ешкім аспаннан салбырап түскен жоқ. Осы видеоны қайта-қайта көріп отырып, өзімнің балалық шағым есіме түсіп кетті. Мен де мал жайғап жүріп сиырларыма, қойларыма ән айтып, концерт қойып беретін едім. Шіркін балалық шағым-ай. Сол себепті болар бұл батыр балақайдың әнді қалай айтып тұрғанын бүкіл жан-тәніммен сезіп тұрғаным.

    Қиялындағы сахна, қиялындағы микрофон, қиялындағы алдында отырған халық, бәрі-бәрі батыр балақайдың шын өмірінде орындалса екен деп тіледім. Қазағымның мақтанышына айналуыңа тілекшімін, тек алға батыр балақай. Алла жар болсын", - деп жазды Ернар Айдар.

    "Қойларыма концерт қойып беретін едім": Ернар Айдар балалық шағын еске алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.