jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Өз адамымды таптым": актриса Фариза Ескермес сүйіктісіне әсерлі жазба арнады

    Фариза Ескермес
    Фариза Ескермес. Фото: instagram.com/fariza_yeskermes

    Қазақстандық танымал әнші әрі актриса Фариза Ескермес желіде сүйіктісіне жазба арнап, оған өз сезімін білдірді. Өнер иесі бұл өмірде өз адамын жолықтырғанына аса қуанышты екенін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Фариза Ескермес Instagram парақшасында әсерлі жазба жариялап, ғашығына деген махаббатын жеткізді. Өнер иесі Андрейдің бойындағы асыл қасиеттерді атап, оның арқасында көп нәрсеге көзқарасы өзгергенін айтты.

    Сонымен қатар актриса өзінің бұрынғы қарым-қатынасын еске алып, жіберген қателіктері жайлы сыр шертті.

    "Бұл өмірде өз адамыңды табу - нағыз бақыт. Бай-бағлан емес, танымал емес, ең үздік емес. Жай ғана өз адамыңды жолықтыру өте маңызды. Мен өз адамымды таптым. Менің қасымда болғаның үшін саған алғысым шексіз. Андрей екеуіміз енді кездесіп бастағанда мен бұрынғы қарым-қатынасымдағы әдет бойынша одан сұранып, әр әрекетіме рұқсатын сұрай бастадым.

    Бір күні сүйіктім мені тоқтатып, "Сен еркін адамсың, қалағаныңды жасай бер. Ешкімнен ешқашан олай сұрама, сұранба! Қалағаныңды жаса, мен сені әркез қолдаймын" деді. Бұл сөздер жаныма жылу сыйлады. Мен үнемі адамдардың қабағына қарап, соларға ұнап, солар үшін жақсы болуға тырысып келіппін. Сол кезде өміріме Андрей келді. Ол менің өмірімдегі жол бағыттаушы ұстазым секілді. Ол менің өмірім тек өзіме ғана тиесілі екенін түсіндірді.

    Шынымды айтсам, бұған дейін мен бұны түсінбей келдім. Қазір менен асқан бақытты адам жоқ. Бұның бәрі ғашығымның арқасы. Ол мені сынап, "болмайды" деп айтпайды. Себебі біздің жанымыз бір. Андрей сенің барың үшін рақмет. Екеуіміз керемет командамыз. Бақытты күндеріміз көп болсын", - деп жазды актриса.

    "Өз адамымды таптым": актриса Фариза Ескермес сүйіктісіне әсерлі жазба арнады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.