jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "Аяқтан шалғандар көп болды": Біржан Хасанғалиев әкесі жайлы кітап жазып жатқанын айтты

    Біржан Хасанғалиев
    Біржан Хасанғалиев. Фото: instagram.com/birjan_khassangaliev

    Біржан Хасанғалиев әкесі Ескендір Хасанғалиев жайлы кітап жазып жатқанын айтты. Композитордың ұлы "Менің өмірім" бағдарламасында кітаптың негізгі жұмыстары аяқталып қалғанын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Кітаптың негізгі жұмысы аяқталды. 200 беттей кітап болады. Өңдеуі қалды. Қазір жұмысын өзім тоқтаттым. Себебі, тек жазып отырып, үзіліс жасау керек. Сосын 2-3 айдан кейін қайта қарастырып, толықтырамын.

    Шындыққа негізделген кітап болмақ. Әкемнің өмірі қалай өтті, қандай сәттері болды, барлығын жасырмай жазу ойыма келді. Қазіргі таңда бәрі солай жазылған. Қазір үзіліс алдым. Бірнеше айдан кейін қайта қарастырамын. Әртүрлі жағдай болды. Оның дарынына, талантына кедергі жасап, аяқтан шалғандар көп болды", - деді Біржан Хасанғалиев.

    Айта кетейік, Қазақстанның халық әртісі Ескендір Хасанғалиев 1940 жылы 13 ақпанда Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданында дүниеге келген.

    "Әдемі-ау", "Асыл арман", "Атамекен", "Бозторғай", "Елігім-еркем", "Есіңе ал", "Ескірмеген махаббат", "Гүл сезім" сынды бірнеше әннің авторы.

    "Құрмет", "Отан" ордендерімен марапатталған, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, "Платинды Тарлан" сыйлығының лауреаты, Алматы және Батыс Қазақстан облысының құрметті азаматы.

    "Аяқтан шалғандар көп болды": Біржан Хасанғалиев әкесі жайлы кітап жазып жатқанын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.