jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Айя Шалқар мен актер Асқар Ілиясовтың кездесетіні рас па (фото, видео)

    Айя Шалқар мен актер Асқар Ілиясов
    Айя Шалқар мен актер Асқар Ілиясов. Видеодан кадр: Youtube/ShowBusinessKazakhstan

    Қазақстандық модель, актриса Айя Шалқар мен актер Асқар Ілиясовтың видеосы әлеуметтік желіге тарады. Көпшілік шоу-бизнес өкілдерін жұптастырып үлгерген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Айя Шалқар жақында 28 жасқа толып, туған күнін дүркіретіп атап өтті.

    Аталмыш кештің видеолары әлеуметтік желіге тез таралып, көпшіліктің қызу талқысына түскен.

    Желіге таралған видеолардан Асқар Ілиясов пен Айя Шалқардың құшақтасып, бірге жүргенін, отырғанын байқауға болады.

    Тіпті актриса Instagram парақшасына жариялаған видеодан Асқар Ілиясовтың Айяны көтеріп, жоғарыда тұрған стақандарға аққайнар құюға көмектескенін байқауға болады.

    Желі қолданушыларының бірі жаңа жұлдызды жұптың пайда болғанына қуанса, екіншілері сұлудан үмітті екенін айтып, өкінішін жеткізді.

    "Бақытты болыңдар", "Ілияс қайда?", "Кездесетіндеріңіз рас па?", - деп жазды желідегілер.

    Алайда актриса да, актер де қарым-қатынастары жайлы ресми мәлімдеме жасамады.

    Айта кетейік, актриса өз парақшасында жариялаған туған күннің естелік суреттерінен Асқар Ілиясовты да байқауға болады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.