jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    "Тапқанымды жинап жүретінмін": Ләйлә Сұлтанқызы жас кезіндегі суретін көрсетті

    Ләйлә Сұлтанқызы
    Ләйлә Сұлтанқызы. Фото: Instagram/sultankyzy

    Қазақстандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы желіде жеке мұрағатындағы суретін жариялап, жас кезінде қандай болғанын көрсетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

    Ләйлә Сұлтанқызы Instagram парақшасында 21 жастағы фотосын жария етіп, жастық шағын еске алды.

    "Радиода істейтін 21 жасар Ләйләдан сәлем. Өмір деген қамшының сабынан да қысқа, көзді ашып жұмғанша ғана екен ғой. Бұл кезде басты мақсат - баспаналы болу еді. Талпынып, тапқанымды жинап жүріп, арасныда қалауымды ысырып қоятын кездер де болған. Әйтеуір мақсатыма жеттім", - деп жазды ақпарат өкілі.

    Желі қолданушылары тележүргізушінің фотосын қызу талқылап, түрлі пікір білдіруде.

    "21 жасымда ештеңе ойламаппын", "Сізді дәл осындай қалпыңызбен есте сақтап қалыппын", "Сұлусыз, күлкіңіз еш өзгермеген", "Күшті кез еді. Нағыз еске алатын шақ қой", "Қазақтың қарапайым, иман жүзді, мейірімге толы қызы", "Жастық шаққа ештеңе жетпейді. Қызығы мол кез еді", - деп жазуда оқырмандар.

    "Тапқанымды жинап жүретінмін": Ләйлә Сұлтанқызы жас кезіндегі суретін көрсетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.