jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Бразилиядан бас тарттым": Шерхан Пірназар Қоянбаевтың фильміне неге түспей қойғанын айтты

    Шерхан Пірназар
    Шерхан Пірназар: Instagram/sherhanpirnazar

    Қазақстандық танымал актер Шерхан Пірназар Нұрлан Қоянбаевтың "Қазақша бизнес Бразилияда" фильміне түсу керек болғанын айтты. Алайда өнер иесі белгілі кинопродюсердің ұсынысынан бас тартқан. Оның себебін KAZ.NUR.KZ материалынан біле аласыздар.

    Шерхан Пірназар Нұрлан Қоянбаевтың фильміне не себепті түспей қойғанын ашып айтты. Өнер иесінің сөзінше, сол кезде бірден екі фильмнің түсірілімі тұспа-тұс келген. Ал актердің таңдауы "Қазақша бизнеске" емес, "Бұл - біздің Қызылорда" атты киносына түскен.

    Кино жұлдызы Бразилияға барудың орнына Қызылордадағы түсірілімді таңдаған.

    "Бұл жобамен қатар "Қазақша бизнес Бразилияда" киносына түсу керек болғанмын. Ол жерге де өткенмін. Екеуі бір сәтке түсіп қалды. Қызылордаға кету керек немесе Бразилияға ұшу керек болды. Сомен Қызылордаға кетіп бара жатқанда "Қазақша бизнес" фильмінің кастинг директорына хабарласып, түспейтінімді айттым. Бразилиядан бас тартып, Қызылордаға кеттім", деді актер "Revue News" бағдарламасында.

    "Бразилиядан бас тарттым": Шерхан Пірназар Қоянбаевтың фильміне неге түспей қойғанын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.