jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Жарасымды жұп": актер Асқар Ілиясов пен Ая Шалқар тағы да бірге көзге түсті (фото)

    Асқар Ілиясов пен Ая Шалқар ойында
    Асқар Ілиясов пен Ая Шалқар ойында. Фото: Instagram/alkum.brand

    Қазақстандық танымал актер Асқар Ілиясовтың жеке өмірі бүгінде қызу талқылануда. Қалың көпшілік өнер иесін белгілі модель Ая Шалқарға қосып жатыр. Бұған дейін желіні шулатқан жұлдызды жұп тағы да бірге көзге түсті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Асқар Ілиясов пен Ая Шалқар "Астана" баскетбол клубының кезекті ойынын тамашалап, елордалық клубқа қолдау білдіріп қайтты.

    Аталмыш ойынға бірге барған жұлдызды жұптың суреттері бірден желіде тарап, оқырмандар арасында қызу талқыға қалған. Өнер иелері ел алдына қазақи нақышта бірдей киініп шыққан.

    "Асқар мен Ая тағы да бірге жүр", "Екеуі кездесіп жүргені рас сияқты", "Өте жарасымды жұп", "Бақытты болыңыздар", - деп жазуда оқырмандар.

    Сондай-ақ Асқар Ілиясов Instagram парақшасында аталмыш ойыннан фото жариялап қойды. Онда ол бойжеткенді құшақтап, оған күлімдеп отырғанын көруге болады.

    Айта кетейік, бұған дейін желіде Асқар Ілиясов пен Ая Шалқардың бірге түскен суреті тарап, көпшілік олардың кездесіп жүргенін болжап жазған болатын. Алайда актер мен модель әлі күнге дейін қарым-қатынасына қатысты пікір білдіріп, оны растаған жоқ.

    "Жарасымды жұп": актер Асқар Ілиясов пен Ая Шалқар тағы да бірге көзге түсті (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.