jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "Алматыда үйім бар": әнші Бауыржан Ретбаев тұрмыстық жағдайын айтты

    Бауыржан Ретбаев
    Бауыржан Ретбаев. Видеодан кадр: "1001 түн" бағдарламасы

    Жас әнші Бауыржан Ретбаев Алматыда үйі мен жеке көлігі барын айтты. Өнер иесі "1001 түн" бағдарламасында Алматыға көшіп келгеніне 1,5 ай болғанын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Әншінің айтуынша, ол Маңғыстаудан Алматыға қайта келгеніне 1,5 ай болған.

    "30-40 жастың арасында жағдай жасау керек. Енді хит болуды армандап жүрмін. Аллаға шүкір, қазір де жағдайым жақсы. Алматыда үйім бар. Көлігім бар. Маңғыстауда қара шаңырақ бар.

    Осыған дейін әнші болуды армандадым. Шығармашылықта 70 әнім бар. Енді соны 200-500 әнге жеткізу керек. Сапа болғаны да дұрыс. Ән жазбай кетсең, тоқырауға ұшырайсың. Өзің тыңдап жүрсең де, ән жазып жүру керек екен", - деді әнші.

    Еске сала кетейік, осыған дейін Бауыржан Ретбаев сахнадан көрінбей кетуінің себебін түсіндірген болатын. Ол карантин уақытында туған өлкесіне көшіп кетіп, Алматыға қайта оралғанын айтты.

    "Алматыда үйім бар": әнші Бауыржан Ретбаев тұрмыстық жағдайын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.