jitsu gif
Шоубиз

    "Армандар орындалады": Еркебұлан Тоқтар туған інісіне жаңа көлік сыйлады (видео)

    Еркебұлан Тоқтар інісіне көлік сыйлап жатыр
    Еркебұлан Тоқтар інісіне көлік сыйлап жатыр. Видеодан кадр: Instagram/erkebulan_toktar

    Қазақстандық танымал актер Еркебұлан Тоқтар туған інісінің туған күнінде оған естен кетпес тосынсый жасады. Өнер иесі бауырына жаңа көлік сыйға тартқан, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Еркебұлан Тоқтар інісін туған күнінде ерекше қуантты. Ол өз көлігін жөндетуден әбден шаршаған бауырына жаңа темір тұлпар сыйлауды жөн көрген.

    Өнер иесі Instagram парақашасында әсерлі сәттің видеосын жариялап, інісіне жаңа көлікті қалай сыйлағанын көрсетті. Бейнежазбадан актердің інісі өз туған күнінде ескі көлігін жөндеп жатқанын көруге болады. Бұл сәтте жұлдызды ағасы оған әтір сыйлағандай болып, қораптың ішіне жаңа көліктің кілтін салып қояды.

    "Менің туған інім бар. Бүгін Адиктің туған күні. Туған күнінде көлігін жөндеп жатыр екен. BMW көлігі бар, дұрыс жүрмейді, ішінен бензиннің иісі шығады. Адик досына "ағам туған күніме BMW F10 сыйлап тұрса" деп әзілдеп жазғаны бар екен. Сол өзі қалаған көлікті мен қазір үйге алып бара жатырмын. Әтір берген сияқты боламын. Бірақ мына қорапқа кілтті салып қоямын. Қызық болайын деп тұр", - деді актер.

    Актердің інісі мұндай бағалы сыйлыққа қатты таңғалып, ағасына алғысын жаудырды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.