jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "Даланың баласымын": Нұрболат Абдуллин түйе баққан кезін еске алды

    Нұрболат Абдуллин
    Нұрболат Абдуллин. Фото: instagram.com/nurbullin

    Әнші Нұрболат Абдуллин ауылда түйе төлдеткен күндері болғанын ашып айтты. Өнер иесі "ХабарLike" бағдарламасында ауылдың баласы екенін жасырмай баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Әншінің айтуынша, ол ауылда түйе бағып, тіпті оларды төлдеткен.

    "Шаш үлгісін жасағанға, қаланың баласы секілді көрінетін шығармын. Мен даланың баласымын. Түйе баққанмын. Үйде түйе көп болатын. Түйеден бөлек жылқы да, сиыр да, қой да болды. Тіпті ашығын айтқанда, үйдегі түйенің біразын төлдеттім. Ауылдың мал дәрігері болдым. Басқа не істейсің? Ауылда басқа адам жоқ. Қазір де түйем бар", - деді әнші.

    Сонымен қатар әнші бала кезінде қой бағып жүріп, ән айтқанын баяндап берді.

    "Далада ән айтамын. Бала кезімнен бұл әдет қалып қойды. Жаңғырық, шатқалда ән айтқан рақат. Сол жерде қой бағып жүретінмін. Алғашқы тыңдарманым - қойлар. Қазір де ешкім жоқ жерде, Алатаудың бұрышында айқайлап ән айтатын әдетім бар деді.", - деді Нұрболат Абдуллин.

    "Даланың баласымын": Нұрболат Абдуллин түйе баққан кезін еске алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.