jitsu gif branding logo appbranding logo app

    "5 млн - Қайрат Әділгерейге": Гүлнұр Мамасарипова актерлерге қанша гонорар төлеуге дайын екенін айтты

    Гүлнұр Мамасарипова
    Гүлнұр Мамасарипова. Фото: Instagram/gulnur_mamasaripova

    Продюсер Гүлнұр Мамасарипова шамасы келсе, қай актерге қанша гонорар беруге дайын екенін айтты. Өнер иесі "ХабарLike" бағдарламасында отандық актер мен актрисалардың 500 мың теңгеге тек эпизодқа түсетінін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Бағдарлама жүргізушісі экраннан 500 мыңнан 10 млн теңгеге дейін гонорар бағасын шығарып, продюсердің бұл соманы кімге төлеуге дайын екенін сұрады.

    "500 мың теңгеге тек эпизодқа түседі. Жобаға, басты рөлге ешкім түспейді. Актерлерімді мұндай бағамен төмендетпеймін. Күніне 1 млн теңге Нұргүл Мыңғатоваға төлейтін едім. Сондай сома төлеуге қауқарым жетсе, төлейтін едім. Әттең, қолдың келтесі-ай болады ғой. Қол қысқа.

    Күніне 1,5 млн теңгені актер Дәурен Серғазинге, 2 млн теңге гонорарды Дулыға Ақмолдаға төлейтін едім. 3 млн теңгені жасы үлкен, аталар мен апаларды ойнайтын аға буын өкілдеріне беретін едім. Шамам келгенше, иығына шапан жауып, жоғары гонорар беруге тырысамын. Бірақ олар арамызда қанша уақыт жүреді дейсіз? Асыл қария, қарттың рөлін ойнап жүрген актер мен актрисаларға беретін едім. Ал 5 млн теңге гонорарды 4-5 күн түсірілімі үшін Қайрат Әділгерейге беретін едім. Күніне 7 млн теңгені ешкімге бермеймін. Қандай да бір линия үшін Берік Айтжановқа, Азамат Сатыбалдыға беремін. Олардың сериалдағы гонорары сондай болуы мүмкін. 10 млн гонорарды "Келінжан" телехикаясындағы Лейло Бекназарға беретін едім", - деді Гүлнұр Мамасарипова.

    Еске сала кетейік, бұған дейін продюсер "Келінжанның" ең жоғары гонорары қай актерге тиесілі екенін айтқан болатын.

    "5 млн - Қайрат Әділгерейге": Гүлнұр Мамасарипова актерлерге қанша гонорар төлеуге дайын екенін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.