jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Неке жүзігін тағып алған": Димаш Әділеттің шаңырақ көтергені рас па (фото)

    Димаш Әділет
    Фото: Instagram/dimashadilet

    Қазақстандағы ең сымбатты сері жігіттердің бірі Димаш Әділет желіде қызу талқыға қалды. Қыздар қауымы соңғы жариялаған суреттердің бірінде блогердің сақина тағып алғанын байқап қойып, оны сұрақтың астына алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Димаш Әділет желіні шулатты. Блогер жігіт өз парақшасында әкесімен түскен суретін жариялап, талай қыздың көңілін түсіріп қойды.

    Фотода желі жұлдызының неке жүзігіне ұқсас сақина тағып алғанын көруге болады. Арулар қауымы сері жігіттің үйленіп алғанын болжап, оған сұрақтарын жаудырды. Қалың көпшілік одан бұл жағдайды түсіндіруін талап етті.

    "Димаштың саусағындағы сақинаны байқадыңдар ма?", "Неке жүзігін тағып алыпты ғой", "Димаш бұл қалай болғаны? Бізге бұл жағдайды түсіндіруің керек", "Дереу байланысқа шық. Қашан үйленіп алғансың?", "Біз армандап жүргенде тып-тыныш отбасын құрып алға ба сонда", - деп ашуланды қыздар.

    Алайда Димаш Әділет бұл жағдайға қатысты әзірге ешқандай пікір білдірген жоқ.

    Димаш Әділеттің жазбасы
    Димаш Әділеттің жазбасы. Скриншот: Instagram/dimashadilet

    "Неке жүзігін тағып алған": Димаш Әділеттің шаңырақ көтергені рас па (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.