jitsu gif
Шоубиз

    "Рахмет, жүрегім": Ерке Есмахан құны 12 млн теңге тұратын сөмкесін көрсетті (фото)

    Ерке Есмахан
    Ерке Есмахан. Фото: instagram.com/erke_esmahan

    Әнші Ерке Есмахан әйелдер мерекесі қарсаңында күйеуі сыйлаған сыйлықты көрсетті. Өнер иесі Раим тарту еткен сөмкенің құны 12 млн теңге екенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Рахмет, саған, жүрегім! Мені бақытты ету үшін қолыңнан келгеннің бәрін жасауға дайынсың. Бағалаймын!

    Birkin, 25 см. Түсі - rouge. Осы жылдың тренд түсі. Бағасы шамамен 12 млн теңге", - деп жазды Ерке Есмахан Instagram-дағы парақшасында.

    Әншінің жариялаған суреттерінен Ерке мен Раимның мейрамханада отырғанын да байқауға болады.

    Ерке Есмахан сторис
    Ерке Есмахан сторис. Скриншот: instagram.com/erke_esmahan

    Еске сала кетейік, осыған дейін Ерке Есмахан жер сілкінісінен кейін Алматыдан вилла сатып алғанын айтқан болатын.

    Айта кетейік, күні кеше әнші Алтынай Жорабаева әйелдер мерекесіне күйеуі тарту еткен сыйлықты көрсетті. Өнер иесі көпшіліктен күйеуін сөкпеуді сұраған болатын.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.