jitsu gif branding logo appbranding logo app

    "Күйеуім қарсы": Аша Матайдың жолдасы оған қандай шектеу қойған

    Аша Матай мен Арман Қоңырбаев
    Аша Матай мен Арман Қоңырбаев. Фото: Instagram/asha_matai

    Отандық танымал тележүргізуші әрі актриса Аша Матай өзінің көптен бері киноға түспей кетуінің себебін түсіндірді. Сөзінше, жолдасы бұған қатысты шектеу қойған екен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Арман Қоңырбаев келіншегінің киноға түсіп, өзге ер азаматпен махаббат ойнағанын қаламайды. Бұл жайында Аша Матай "Taboo" бағдарламасында айтты.

    Өнер иесінің сөзінше, жолдасы бұған дейін түскен фильмдерінде оны актерлардан қызғанып қалған.

    "Жолдасым киноға түсуіме қарсы. Ол рас. Сол үшін өз фильмімізді таспаласақ па деген ой бар. Отағасы негізі мені үнемі қолдайды, әр бастамам үшін қуанады. Оған үлкен рахмет. Соңғы түскен "16 қыз" киносы мен тұрмыс құрғанға дейін түсірілген еді. Ол кезде Берік Айтжанов екеуміз махаббат ойнайдық. Сол махаббаттың болғанын қаламады, қызғана бастады. Ер азаматқа тән нәрсе деп ойлаймын. Ол дұрыс деп есептеймін. Ер адам әйелін қызғану керек. Киноға барғанымды қолдайды. Бірақ дені дұрыс, ешкіммен махаббатты ойнамайтын рөлдерді таңда дейді. Өзіміз кино түсірсек басты рөлді жолдасым екеуміз ойнаймыз", - деді Аша.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.