jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Қолынан жетектеп АХАТ-қа апардым": Жеңіс Ысқақова күйеуіне үйленуге ұсынысты өзі жасағанын айтты

    Жеңіс Ысқақова
    Жеңіс Ысқақова. Скриншот: "Төрлетіңіз" бағдарламасы

    Қазақстандық танымал әнші Жеңіс Ысқақова алғаш тұрмысқа шыққан кезін еске алып, ел білмейтін жайттарды ақтарды. Өнер иесі кезінде жолдасына үйленуге ұсынысты өзі жасағанын мойындады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Жеңіс Ысқақова "Хабарlike" бағдарламасында қонақта болып, отбасылық өмірі жайлы сыр шертті. Эстрада жұлдызы жолдасы екеуі талай қиындықты бірге жеңіп, бүгінде бақытты өмір кешіп жатқанын айтты.

    Алайда отау құрғандарына 32 жыл болса да, әншінің күйеуі оған әлі де жақсы көретінін айтпапты.

    "Қолынан жетектеп, өзім АХАТ бөліміне апардым. Жоқ деп айтады деп қорықпадым. Оның таңдауы болмады. Біздің кезімізде мәһр деген дүние болған жоқ. Екеуміз қосылып, бір жатақхана алғанға мәз болдық. Солай келе адам болдық. Екеуміз отбасын құрғанда екі сөмкеміз ғана болды. Кейін ыдыс-аяғымызды алып, үйімізді толтырдық. Өз басым мәһр дегенді құптамаймын. Ең бастысы сезім, сыйластық, бір-біріңді жалықтырып алмау. Биыл отау құрғанымызға 32 жыл болады. Менің жолдасым өте салмақты, сөзге сараң жігіт. Жақсы көрем деп те айтпайды. Сол сөзді күтіп жүргеніме 32 жыл болды", - деді Ысқақова.

    "Қолынан жетектеп АХАТ-қа апардым": Жеңіс Ысқақова күйеуіне үйленуге ұсынысты өзі жасағанын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.