jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    "Шұрып бұрай алмаймын": әнші Тоқтар Серіков өнерде жүріп, "ақсаусаққа" айналғанын айтты

    Тоқтар Серіков
    Тоқтар Серіков. Видеодан кадр: "ХабарLike" бағдарламасы

    Тоқтар Серіков балаларының өнерге келген қаламайтынын айтты. Танымал әнші "1001 түн" бағдарламасында үйдегі қара жұмыстарды істей алмайтынын жасырмай, баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Балаларымның өнерге барғанын қаламаймын. Себебі, өз басымда болған жағдайды айтайын. Өнерді қуамын деп, қара жұмысқа "ақсаусақ" боп қалдым. Жасыратыны жоқ, үйде тоқ бұзылса, жалғай алмаймын. Орындықтың аяғы түсіп қалса, соның шұрыпын бұрай алмаймын. Қолжуғыштың суы ақпай қалса, жөндейтін адам шақырасың. Бауырларыңды шақыртасың. Осының бәрі өзім жіті қарамағанның кесірі.

    Қазір балаларым үйренсін деймін. Ертең олар да үй болады. Мен сияқты бір отбасыны алып кетсе, жақсы ғой", - деді Тоқтар Серіков.

    Еске сала кетейік, осыған дейін Тоқтар Серіков өмірден өткен анасын әлі күнге сағынатыны жайлы айтқан болатын.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.