jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "Қайғылы оқиғаға ұшырады": Аша Матай өмірден өткен қайын атасын еске алды (фото)

    Аша Матай мен Арман Қоңырбаев
    Аша Матай мен Арман Қоңырбаев. Фото: Instagram/asha_matai

    Әнші Арман Қоңырдың әкесі осыдан бірнеше апта бұрын өмірден өтті. Тележүргізуші Аша Матай Instagram-дағы парақшасында қайын атасын еске алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Біраз уақыт парақшама ештеңе жарияламай, тіпті кірмей кеттім. Жанұямызда қабырғамызды қайыстырған, қайғылы оқиға орын алды. Көңіл-күйім мүлдем болмады. Жұбайым Арманның әкесі, мені жақсы көретін және мен жақсы көретін, сыйлайтын аяулы атам мезгілсіз қайғылы оқиғаға ұшырап, өмірден өтті.

    Менің жанашырым еді. Туған әкемдей болған тірегім еді. Амал қанша?! Қимас жаннан айырылып, Арман екеуміз жылап қала бердік. Әлі есімді жия алмай жүрмін, қиын… Әкеміздің жаны жәннатта болсын", – деп жазды Аша Матай.

    Еске сала кетейік, осыған дейін Арман Қоңыр әкесінің өмірден өткенін айтқан болатын.

    "Қайғылы оқиғаға ұшырады": Аша Матай өмірден өткен қайын атасын еске алды (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.