jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "Адам болмайсың дейтін": әртіс Жанболат Найзабеков әжесінің тәрбиесінде өскенін айтты

    Жанболат Найзабеков
    Жанболат Найзабеков. Видеодан кадр: "Қызық Live" бағдарламасы

    "Өнер қырандары" театрының актері Жанболат Найзабеков әжесінің тәрбиесінде өскен. Әртіс Qyzyq Orda бағдарламасында ұстаздарынан естіген сөзді еске алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Сен адам болмайсың деген сөзі мұғалімдерден еститінмін. Қазір олармен хабарласпаймын. Әжем баққаннан кейін, әкем де, анам да ондай сөз айтқан емес. Әкемді студент болғанда "әке" деп атап бастадым.

    Маған ешқашан әкемнің қолы тимеген. Әжемнің тәрбиесін көрдік. Әкем қол көтермеген. Бірақ әлімжеттікті ағаларымнан көрдім. Жұмсайды, қырсығып қалатын", – деді Жанболат Найзабеков.

    Еске сала кетейік, осыған дейін әртіс KAZ.NUR.KZ тілшісіне сұхбат беріп, гонорары жайлы айтқан болатын.

    "Өзім 10 млн теңгеге бір аяқ киім алғанша, бір жақыныма баспана алып берем. Норманы көтеру үшін бренд кию керек емес, көп еңбек ету керек. Сол миллионның аяқ киімі өзі ұшып жүрмейді ғой. Ал бір мұқтажға көмектессеңіз, оның алғысымен өркеніңіз өсіп, еңбегіңіз жанып, Алла алдында мәртебеңіз өседі", - деген болатын актер.

    "Адам болмайсың дейтін": әртіс Жанболат Найзабеков әжесінің тәрбиесінде өскенін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.