jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    Сахнада әнінің сөзін ұмытып қалған Мақпал Жүнісова елді күлдірді (видео)

    Мақпал Жүнісова
    Мақпал Жүнісова. Фото: instagram.com/zhunusova.makpal

    Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мақпал Жүнісованың жеке ән кешінде қызықты жағдай орын алды. Өнер иесі сахнада тұрып, көпшілік алдында әнінің сөзін ұмытып қалған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Мақпал Жүнісова концерті кезінде тыңдармандарын әбден күлдірді. Эстрада жұлдызы жиналған қауым алдында әнінің сөзін ұмытып қалғанын мойындап, олардан көмек сұраған.

    Өнер иесінің ән кешіне келген көпшілік бұл жағдайды дұрыс жағынан қабылдап, оған қолдау білдірді.

    Желі қолданушылары да әртістің асқан қарапайымдылығына тәнті болып, түрлі пікір қалдыруда.

    "Шынайы болғаныңыз үшін мың алғыс", "Халықтың ерке қызы ғой, бәрі жарасады өзіне", "Әзілдесіп қояды. Сондай қарапайым", "Мақпал Жүнісоваға бәрі кешірімді", "Халық бірден қолдап кетті. Жараған екенсіздер", - деп жазуда оқырмандар.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.