jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Әзілкеш Қайрат Әділгерей отбасымен бірге АҚШ-қа аттанды (фото)

    Қайрат Әділгерей
    Қайрат Әділгерей. Фото: Instagram/kairat_adilgerey

    Қазақстандық танымал актер әрі әзілкеш Қайрат Әділгерей отбасымен бірге кезекті саяхатына ұшып кетті. Жұлдызды жанұя бұл жолы Америка құрама штаттарына баруды жөн көрген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Қайрат Әділгерейдің мұхит асып, АҚШ-қа аттанғаны жайлы Instagram желісінен белгілі болды. Өнер иесі өз парақшасында Америкада қалай саяхаттап жүргенін көрсетіп, түрлі фото мен видео жариялап жатыр.

    Актер бұл сапарына келіншегі мен балаларымен бірге барған. Жұлдызды отбасы Нью-Йорк пен Вашингтон қалаларының әсем жерлерін аралап, ерекше уақыт өткізген.

    Әзілкеш арманын орындап, Нью-Йорк қаласын тік ұшақпен ұшып тамашалаған.

    Желі қолданушылары өнер иесі үшін қуанып, оған жылы лебізін білдіруде.

    "Керемет. Осындай сапар бәрімізге бұйырсын", "Қандай керемет. Бұл менің арманым ғой. Сіздер үшін қуаныштымын", "Отбасымен саяхаттағанға не жетсін. Жарайсыздар", "Жақсы демалыс болсын. Елге аман-есен оралыңыздар", "Енді Майамиге барып көріңіздер", - деп жазуда көпшілік.

    Әзілкеш Қайрат Әділгерей отбасымен бірге АҚШ-қа аттанды (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.