jitsu gif
Шоубиз

    "Шетелден әртіс келеді": Айқын мен Жұлдыз үйлену тойы қалай өтетінін айтты

    Айқын мен Жұлдыз
    Айқын мен Жұлдыз. Фото: Instagram/zhuldyzomirgali_official

    Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали 2017 жылы неке қидырған. Бүгінде екі баланың ата-анасы атанып үлгерген жұлдызды жұп күзде үйлену тойын жасайды, деп хабарлайды REVUE NEWS бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Бұйырса, үйлену тойын күзге жоспарлап отырмыз. Елдер күледі. Бірақ менің ойымша, ақ көйлек киіп, тұрмысқа шығу әр қыздың арманы. Бізде той болған жоқ. Кәдімгідей дүркіретіп, бүкіл Қазақстанға той жасап берейін деп жатырмын. Жақсы мейрамханада, шетелден әртіс шақырып, әдемі шоу істеймін. Келіссөз жүргізіліп жатыр.

    Асаба Ринат Сафарғұлов пен Тұрсынбек Қабатов болады деп отырмыз. Ринат келісті. Енді Тұрсынбекпен сөйлесу керек. Той күніне байланысты көреміз", – деді Айқын.

    Айта кетейік, Айқын мен Жұлдыздың бүгінгі таңда Санжар және Ая есімді ұл мен қыз өсіріп отыр.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.