jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    "Қыз бар жерде қызық бар": Әділет Жауғашар жеке өмірі жайлы бар шындықты айтты

    Әділет Жауғашар
    Әділет Жауғашар. Видеодан кадр: Youtube/Marat Oralgazin

    Отандық танымал әнші Әділет Жауғашар жеке өмірі жайлы жан сырын ақтарып, әндері кімге арналғанын ашып айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Әділет Жауғашар жеке өмірі мен шығармашылығы жайлы "Қызық Times" бағдарламасында сыр шертті. Өнер иесі не себепті қыздарға арнап әндер көп шығаратынын түсіндірді.

    "Әндерімнің барлығы қыздарға арналған. Бірақ өзім бойдақпын. Әндерім арнайы бір қыздың құрметіне шықпаған. Болашақ жарын, келін болатын қыз іздейтін жігіттің әндері ғой. Әр әнімнің өз тарихы бар. "Беймәлім қыз" деген әнге бейнебаян түсірдік. Клиптің соңында үйге келін әкелгенде, үйдегілер "рулас қызды әкелдің ғой" деп айтады. Сол кезде келесі әнді "Рулас қыз" деп шығарамыз деп шештік. Қыз бар жерде қызық бар деп, қыздарға арнап ән шығара береміз.

    "Қыз бар жерде қызық бар": Әділет Жауғашар жеке өмірі жайлы бар шындықты айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.