jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Менсіз бірдеңе істей аласыңдар ма": Еден жуған Қайрат Нұртас елді күлдірді (видео)

    Қайрат Нұртас еден жуып жүр
    Қайрат Нұртас еден жуып жүр. Видеодан кадр: Instagram/aidarbekov_nurtas

    Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Қайрат Нұртас әзіл ретінде түсірілген отбасылық видеода бой көрсетіп, оқырмандар қауымын күлкіге қарқ қылды. Бейнежазбадан әншінің еден жуып жүргенін көруге болады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Аталмыш видеоны әртістің әкесі Нұртас Айдарбеков пен інісі Аян Нұртас жариялаған. Онда өнер иесінің келіні Қайрат Нұртас өзі дастархан жайып, бауырсақ пісіріп, еден жуғанын айтады.

    Бейнежазба соңында эстрада жұлдызы еден жуып жүріп, жақындарына "осы менсіз бірдеңе істей аласыңдарма?" деп ашуланады.

    "Жастар әзілдеп түсірген екен, шын мәніңде ойлап қарасам, біздің отбасымыздағы шаруаның елу пайызы осы баланың мойында секілді", - деген жазба қалдырды Нұртас Айдарбеков Instagram парақшасында.

    Желі қолданушылары әзіл ретінде түсірілген видеоны жақсы қабылдады.

    "Әрине, сенсіз түк істей алмаймыз. Сен біздің Қайратымызсың ғой", "Кезінде Қайраттың рожки жегенін талқылап еді. Енді өзі еден жуатынын білсе, желі шулайын деп тұр", "Өте күлкілі шығыпты", "Осы отбасы әзілді қатырады", - деп жазуда көпшілік.

    "Менсіз бірдеңе істей аласыңдар ма": Еден жуған Қайрат Нұртас елді күлдірді (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.