jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "Еркекшора мінезіме жараспайды": Ақбота Керімбекова енді қылық шығарғанын айтты (видео)

    Ақбота Керімбекова
    Ақбота Керімбекова. Фото: instagram.com/botakerim

    Ақбота Керімбекова қыз күнінде шықпаған қылықтың енді пайда болғанын айтты. Әнші Instagram желісіндегі парақшасында әрі-сәрі күйде жүргенін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Қыз күнімізде шықпаған қылық енді шығып, біраз әрі-сәрі күйде жүрмін. Өзі қылтиып шығып тұрған күйді фильтр де әрі-бері сүйреп әлек. Бейнебаян шіркін майыстырып жібереді ғой. Енді осылай майысып жүрмесем... Еркекшора мінезіме жараспайды-ау, бірақ", – деп жазды Ақбота Керімбекова.

    Ал желі қолданушылары әншінің құлпырып кеткенін айтып, жарыса пікір жазды.

    "Арықтап, әдемі боп кетіпсіз", "Фильтрсіз де әдемісіз", "Әйелге нәзіктік жарасады", "Еркекшора дегенді қойыңыз, нәзіктігіңіз әдемі", "Бәрі жарасады", "Қыз қылығымен деген сөз бар", "Әдемісіз", – деп жазды желідегілер.

    "Еркекшора мінезіме жараспайды": Ақбота Керімбекова енді қылық шығарғанын айтты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.