jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    "Бұл тағдыр емес, жауапсыздықтың зардабы": Қайрат Әділгерей су тасқыны жайлы ойын айтты

    Қайрат Әділгерей
    Қайрат Әділгерей. Фото: Instagram/kairat_adilgerey

    Отандық танымал актер Қайрат Әділгерей су тасқынына қатысты пікір білдіріп, апатты жағдайды тағдырға ысырып қоюды доғару керек екенін жеткізді. Өнер иесі елімізде орын алған табиғат апатын жауапсыздықтың зардабы деп есептейді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Қайрат Әділгерей елімізде болып жатқан жағдайға қатысты пікірін Instagram парақшасында жариялады. Өнер иесі бұл табиғат апатына кінәлі адамдарды жауапқа тарту керек екенін жеткізді.

    "Бәрі Алланың сынағы, "Алла бізді ескертіп жатыр" деп болып жатқан апатты жағдайды тағдырға ысырып тастағанды қою керек. Алла бізге жер асты қазба байлықты берді, осы байлықтың өзі Алланың біздің қазақ еліне берген мол ырысы мен дәулет-байлығы! Тек сол Алланың бізге берген (сынағын емес) дәулет пен байлығын ақылмен, жауапкершілікпен жұмсаса орын-орынымен реттеп, берекесін келтірсе, болып жатқан табиғи апаттың алдын алуға болатын еді.

    Бұл ешқандай сынақ немесе тағдыр емес, бұл жауапсыздықтың зардабы. Әйтпесе қыстан кейін көктем келуі, қардың еруі ол табиғи заңдылық! Жыл сайын осы қысқы киім, көктемде, жазда, күзде киетін киімді алдын ала аламыз ғой дайындалып, сол сияқты әр затқа дайын болу керек. Оған біздің елдің жағдайы жетеді. Тек жауапты адамдар керек! Жауапкершілігі жоқ адамдардың жаупкершіліксіз әрекетін жауапқа тарту керек", - деп жазды актер.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.