jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    Бағлан Әбдірайымов екі аяғынан айырылған азаматқа көлігін тарту етті (видео)

    Бағлан Әбдірайымов пен көлікті сыйға алған азамат
    Бағлан Әбдірайымов пен көлікті сыйға алған азамат. Видеодан кадр: instagram.com/baglan_abdraimov_official

    Әнші Бағлан Әбдірайымов көлігін себепсіз бір азаматқа тарту етті. Өнер иесі темір тұлпарын көпбалалы, екі аяғынан азаматқа табыстады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Бұған дейін Әбдірайымов Instagram желісіндегі парақшасында көлігін біреуге тарту ететінін айтқан болатын.

    "Өздеріңіз жақсы білетін, үш жылдан бері қызмет еткен көлігімді біреуге себепсізден-себепсіз, бір жігітке тарту етемін деген шешімге келдім. Мұны сатып, өз қажетіме жаратсам да болатын еді. Бірақ біреуге себепсіз сыйлағым келіп отыр", – деген болатын әнші.

    Осы видеосынан кейін әнші көлігін екі аяғынан айырылған азаматқа тарту еткенін көрсетті.

    Әншінің айтуынша, Нұржан - көпбалалы әке.

    "Екі жыл бұрын өкшесінен жарақат алып басталған дерт, қазіргі таңда Нұржанды осы күйге түсірген. "Сынақ сындыру үшін емес, ширату үшін келеді" дейміз. Десек те, қиын-ақ. Кішкентай төрт баласы мен жұбайы бұл сынаққа қалай төтеп беріп жүргені бір Аллаға аян. Жұбайына мың алғыс! Осы отбасыға лайықты деп ойлаймыз. Береке берсін", – деп жазды Бағлан Әбдірайымов.

    Видеодан көлікті сыйға алған азаматтың көз жасына ерік бергенін көруге болады.

    Бағлан Әбдірайымов екі аяғынан айырылған азаматқа көлігін тарту етті (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.