jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Актриса Жәния Джуринская екінші перзентін дүниеге әкелді (фото)

    Жәния Джуринская күйеуі мен ұлымен
    Жәния Джуринская күйеуі мен ұлымен. Фото: Instagram/djurinskaya

    Қазақстандық танымал актриса Жәния Джуринскаяның отбасында қуанышты жаңалық орын алды. Өнер иесі екінші перзентін дүниеге әкелді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Жәния Джуринская мен Данияр Хизметов ұлды болды. Жұлдызды жұп қуанышты жаңалықты Instagram желісінде хабарлап, көпшіліктен сүйінші сұрады.

    "Біздің әлемге қош келдің, ұлым. Рахмет саған махаббатым", - деп жазды актрисаның күйеуі.

    Желі қолданушылары ерлі-зайыпты құттықтап, ақ тілегін жолдап жатыр.

    "Бауы берік болсын", "Қандай күшті жаңалық. Дені сау, болашағы зор азамат болсып өссін", "Сіздер үшін қуаныштымын", "Мықты азамат болсын", "Ата-анасының мақтанышы, әпкесінің қорғаны болып өссін", "Жәния, Данияр құттықтаймыз! Балапандарыңның қызығына тоймай жүре беріңдер", - деп жазуда көпшілік.

    Айта кетейік, бұл Данияр Хизметов пен Жәния Джуринскаяның екінші перзенті болды. Ерлі-зайыптының Софи атты қызы бар.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.